EXPO-2017 көрмесін күніне қанша адам тамшалайды?

«ЭКСПО-2017» көрмесінің медиа орталығы келушілердің санына қатысты нақты ақпарат таратты.

«26 маусым мен 2 шілде аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 217 732 адам келді, яғни орташа есеппен күніне – 31 104 адам қонақ болды», — делінген хабарламада.

Өткен аптада, яғни19-25 маусым аралығында «ЭКСПО» көрмесіне 168 675 адам келген болатын.

«Көрсеткіш күн санап өсіп келеді»,- дейді медиа орталық мамандары.

Жалпы, 10 маусым мен 2 шілде аралығында көрмені тамашалауға келгендердің жалпы саны 591 968 адамды құрады.

Қонақтар жиі кіретін нысандар:

1. «Нұр Әлем»

2. Тақырыптық павильон

3. Цирк дю Солей