Басты бетЖаңалықтарАлдағы уақытта...

Алдағы уақытта Қазақстанда 7 мың шақырым жол ақылы болады

Инвестициялар және даму министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков бұл жолдардан бюджетке жылына 300 млрд теңге құйылуы тиіс екендігін мәлімдеді.

Қазір Астана-Бурабай ақылы тас жолынан түскен қаржы 4 млрд теңгеден асып, осы бағыттағы жолдың қажетін толық өтеп отыр.

Қазақстанда соңғы екі жылда жол жөндеуге 616 млрд теңге бөлініп, мың шақырымнан астам автокөлік жолы іске қосылды.

Биыл «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 4 мың шақырымы құрылыс-жөндеу жұмысымен қамтылады. Оның 600 шақырымы биыл пайдалануға беріледі. Осы мақсатқа 356 млрд теңге жұмсалады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 6 макро өңір бекітіліп, Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалалары хаб орталығы болып таңдалды. Тиімді көлік логистикалық инфрақұрылымын құру мақсатында Астанадан коммуникацияның барлық түрлері басқа макро өңірлердің хабтарына бағытталатын болады. Осы мақсатта 2015-2020 жылдар аралығында 8 мың шақырым автомобиль жолдары салынады және қайта жөндеуден өтетін болады», — дейді  ҚР ҰЭМ экономика салаларын дамыту департаментінің директоры Ержан Қазанбаев.

Дереккөз24.kz