Астана күнінің құрметіне «Астана ЭКСПО-2017» ҰК мейрам акциясын өткізеді

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары Көрмеге кіреберісте үш билет сатып алған жағдайда сыйлыққа тағы бір билет алатын болады.

Демалыс күндері 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер көрмені тегін тамашалай алады. 12 жасқа дейінгі балалардың жанында міндетті түрде ересек адам болуы тиіс, сондай-ақ Көрмеге кіруге тегін билет алу үшін баланың жасын растайтын құжат болуы керек.

Сонымен қатар компания «Кешкі» деп аталатын жаңа билет түрінің енгізілетіні туралы хабарлайды. Аталған билет түрін 18.30-дан бастап қолдануға болады. Оның бағасы жұмыс күндері 2 мың теңгені, ал демалыс күндері 3 мың теңгені құрайды. «Кешкі» билетінің талаптары билетті екі есе төмен бағамен ала алатын жеңілдік санатындағы азаматтарға арналған шартқа қайшы келмейді, яғни олар үшін «Кешкі» билеті жұмыс күндері 1 мың теңге, ал демалыс күндері 1,5 мың теңге болады.

ЭКСПО-2017 көрмесінің абонементтері де сатыла бастағанын еске сала кетейік. Шараның өткізілетін уақыты ішінде күшінде болатын стандартты санаттағы абонемент құны 50 000 теңгені, ал жеңілдікті санаттағы абонемент бағасы 25 000 теңгені құрайды. Абонементті ЭКСПО-2017 ресми кассаларынан немесе Көрменің кіреберісіндегі кассалардан сатып алуға болады. Барлық абонементтерде сатып алған адамның аты-жөні көрсетіледі, сондықтан сатып аларда, сондай-ақ Көрме аумағына өтер кезде жеке басты куәландыратын құжат болуы керек.

Толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы өтіп, «Жеңілдіктер» бөлімінен білуге болады: https://tickets.expo2017astana.com/pages/lgotyi-i-skidki