Астанада Business Campus инновациялық кластері құрылды

Бүгінгі таңда Astana Business Campus Инновациялық кластерінің базасында Коммерцияландыру офисін, Технопаркті және Бизнес Инкубаторды қамтитын жобаларды коммерцияландыру жүйесі құрылды.

«Назарбаев Университі» ДБҰ Инновацияларды дамыту департаментінің аға менеджері Дамель Мектепбаева Astana Business Campus Ғылым паркі құрамдас элементтерінің бірі болып табылатын Биомедициналық кластер туралы айтып берді.

«Биомедициналық кластер зияткерлік, қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану есебінен биомедициналық зерттеулерді коммерцияландыру мен жоғары технологиялы бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған инновациялық экожүйе болып табылады» деді спикер.