Елбасының БАҚ саласындағы сыйлығын биыл кімдер алды?

«Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық жағынан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін ескере отырып, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғыс жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары төмендегі журналистерге берілсін»:

  •  «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Абдрахманова Майра Қабиқызына Қазақстанның жаһандық бастамаларын жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін;
  • Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Сембаев Мағауия Сланбекұлына отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы қызметін кеңінен жариялап көрсеткені үшін «Казахстанская правда» жалпыұлттық газетінің тілшісі Магер Юлия Дмитриевнаға, елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар барысын белсенді жариялап-көрсеткені үшін «Айқын» республикалық газетінің меншікті тілшісі Шәріпов Айхан Пішенбайұлына БАҚ саласындағы гранттары берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

  • «Астана» телеарнасындағы «Біздің уақыт» телевизиялық бағдарламасының шығармашылық ұжымына;
  • «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына;
  • Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің шығармашылық ұжымына;
  • «Хабар 24» телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.
ДереккөзAkorda.kz