Моңғолияда Президент сайлауы басталды

Моңғолия тарихында президент сайлауы бесінші рет өтіп отыр. Моңғолиядағы негізгі үш партиядан үш адам сайлауға түсіп жатыр. Негізгі билік партиясы саналатын «Демократиялық партиядан» — Баттулга Халтмаа ұсынылса, «Моңғолия Халық партиясынан» Энхболд Миеэгомб және «Моңғол халық революциялық партиясынан» Сайнхүү Ганбаатар президенттіктен үмітті. Жергілікті саяси сарапшылардың айтуынша Халтмаа Баттулганың жеңіске жету мүмкіндігі көбірек.

Сайлау 1983 сайлау учаскесінде өтуде. Дауыс беруге қабілетті 2 миллион адам сайлау науқанына қатысады деп күтілуде. Ал Баян-Өлгий қазақтар аймағында 89 сайлау учаскесі бар. Мұнда негізгі сайлаушылар саны 60 мыңға жуық.

ДереккөзBaq.kz