Кофе

«Мен адам организмін сергітетін қабілетке ие кофе сусынын пайдалану туралы зерттеу жүргіздім. Осы кешенді зерттеу барысында көп нәрсеге көз жеткіздім. Мәселен, кофені сүйікті сусын ретінде қолданатындардың көпшілігі оны дұрыс уақытта ішпейді екен, нәтижесінде оның пайдасына қарағанда зияны көбірек екені анықталды», –  дейді ғалым.

Линди Коэннің айтуынша, кофені дұрыс уақытта ішпеген кезде ол адамның жұмыс істеу қабілетіне кері әсерін тигізеді екен.

«Ұйқыдан тұра сала кофе ішуді әдетке айналдырған адамдар көп-ақ. Алайда, біз мұның дұрыс емес екендігін анықтадық. Себебі, таңертеңгілік уақытта адам  ағзасында кортизол мөлшері жоғары болады. Бұл кезде кофе ішкен ағзаға аса зиян. Сондықтан кофені таңертеңгі сағат оннан бастап ішкен орынды», – деп атап өтті Линди Коэн.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

Пікір қосу