Алматыдағы шомылуға болатын демалыс орындары

Hawaii аквапаркі

Hawaii аквапаркі

Hawaii аквапаркі жазда да, қыста да — жыл он екі ай қызмет көрсетеді. «Апорт» ойын-сауық орталығында орналасқан ашық және жабық аймақта орналасқан Hawaii көптеген су хауыздарынан тұрады. Мұнда әр түрлі су аттракциондары бар. Бассейндер тереңдігіне қарай балаларға және ересектерге арналған болып бөлінеді. Ыстық су, салқын су бассейндері, сондай-ақ 12 түрлі толқынды бассейндер бар. Егер демалысыңызды балаларыңызбен бірге қызықты етіп өткізгіңіз келсе, аквапаркте әнші-биші аниматорлар қызмет етеді. Олар түрлі ойындарын ойнатып, байқаулар ұйымдастырады. Осы байқау арқылы авкапаркке тегін жолдама ұтып алуға да болады. Кешенді SPA қызметі, кез келген талғамға сай сауналар, джакузи, массаж бөлмелері мен «билейтін» субұрқақтар, ас мәзірі мен балмұздақтар — барлығын дерлік Hawaii аквапаркінен таба аласыз.

Балалар билетінің бағасы:

4 сағатқа — 3899 теңге

Күні бойына — 4399 теңге.

Ересектер билеті:

4 сағатқа — 5199 теңге

Күні бойына — 5799 теңге.

Family Park аквапаркі

Family аквапаркі

Family Park аквапаркі көлемі жағынан шағын, бағасы да арзан. Аквапаркте ересектерге және балаларға арналған жеке бассейндер бар. 4 түрлі су сырғанақтары орналасқан. Бірақ, аквапаркке тамақ пен сусын алып кіруге тыйым салынған.

Егер достарыңызбен немесе туыстарыңызбен барсаңыз (20 адам) жеңілдіктер қарастырылған. Кешкі 19:00-ден кейін аквапаркке 50 пайыз жеңілдікпен кіре аласыз.

Билет бағасы

Жұмыс күндері: ересектерге — 3600 теңге, балаларға — 3000 теңге.

Демалыс күндері: ересектерге — 4800 теңге, балаларға — 4200 теңге.

«Алматы» санаторийі

"Алматы" шипажайы

Спорттық сауықтыру орталығында екі бассейн бар: ашық және жабық су хауыздары. Мұндағы судың температурасы +28 градус шамасында. Су тазалау жұмыстарын испандық жүйемен жұмыс істейтін сапалы құрылғылар атқарады. Бассейндегі судың сапасы мен құрамы арнайы дәрігерлермен күн сайын тексеріліп отырады. Су арқылы емделуді қаласаңыз, «Алматы» шипажайына қорықпастан аттануға болады. Оған қоса, санаторий аумағында кафелер мен дүкендер орналасқан.

Кіру құны

Жұмыс күндері:

Балаларға — 2500 теңге.

Ересектерге — 5000 теңге.

Демалыс күндері:

Балаларға — 3500 теңге.

Ересектерге — 7000 теңге.

«Дельфин» аквапаркі

"Дельфин" орталығы

«Дельфин» спорттық көңіл көтеру орталығы ересектерге де, балаларға да суға шомылу үшін таптырмайтын орын. Бұл жерде тек суға шомылып қана қоймай, түрлі шараларға қатысып, көңіл көтеруге де болады. «Дельфин» аквапаркінде суға жүзуді үйрететін мамандар мен арнайы бассейндер қарастырылған. Дәмханадан тамақтанбасаңыз, сырттан тамақ әкелуге тыйым салынған. Бұл аквапаркте жаттығу залы, батут орталығы, массаж қызметі бар.

Бағасы:

Балаларға — 3000 теңге

Ересектерге — 4000 теңге.

Демалыс күндері аталған бағаға тек 500 теңге ғана қосылады.

«Әлемнің сегізінші кереметі»

Орталық саябақтағы аквапарк

М.Горький атындағы Орталық саябақта орналасқан аквапарк осылай аталады. Сегіз бассейн мен сегіз түрлі су сырғанағынан тұратын бұл аквапарк Алматы қаласындағы ең көне орындардың бірі. Мұндағы судың тереңдігі 40-90 см.

Кіру құны:

Балаларға — 3500 теңге.

Ересектерге — 5000 теңге.

Демалыс күндері барсаңыз, қосымша 500 теңге төлеуге тура келеді.

«Алатау» жабық бассейні

"Алатау" жабық бассейні«Алатау» жабық бассейні жыл бойы демалыссыз жұмыс істейтін демалыс орны. Бассейндегі су тұрақты температурада болу үшін жыл бойы қыздырылып отырады. Ересектерге арналған екі бассейн, балаларға арналған бір бассейн бар. Судың тереңдігі 220 см, 150 см және 50 см болады. Су сырғанақтары мен джакузи бұл аквапаркте де қарастырылған.

Билеттің бағасы

Жұмыс күндері:

Балаларға — 3000 теңге.

Ересектерге — 4000 теңге. 

Демалыс күндері: 

Балаларға — 4000 теңге.

Ересектерге — 5000 теңге.

Демалыстарыңыз қызықты өтсін!