ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың сөзіне сүйенсек, Ұлттық банк бірқатар ұсыныстарды ҚР Үкіметіне жолдады.
«Біздің пікірімізше, бәсекелестікті қалпына келтіріп, азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияны таңдауға мүмкіндік беру керек, сонда олар инвестициялау стратегиясын да таңдай алады. Ұлттық банк ұнамай жатса, жеке меншік компанияға баруына болады. Бұл біз ұсынып отырған базалық қағида. Бұл жағдайда БЖЗҚ да қызметін жалғастыра береді. Біз азаматтардың БЖЗҚ-мен қосымша келісімшарт жасасуын ойластырдық. БЖЗҚ ақшаны басқаруды Ұлттық банкке береді немесе салымшының таңдауы бойынша басқарушы компанияға өткізеді», — деді Ұлттық банк басшысы.