Кей аймақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады

Кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады және жел күшейеді, республиканың солтүстік  өңірлерінде кей жерлерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін. Тек қиыр оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола облысының  кей жерлерінде  бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік  Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болады.

Маңғыстау, Қарағанды, түнде  Павлодар, күндіз Атырау, Қостанай облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 7-12 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +18+20°С, күндіз +29+31°С болады.

ДереккөзKazhydromet.kz