Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізбек

«Мен бұрынғыдай Қазақстанда үлкен жекпе-жекті өткізуді қалаймын. Ондай жекпе-жек өзіме де, еліме де керек. Жерлестерім үлкен жекпе-жекті көргісі келеді, үлкен боксшылардың келгенін қалайды. Енді, дәл қазір маған «Канелоға» қарсы жекпе-жекті өткізу керек. Алайда осы айқастан кейін Қазақстанға басқа бір жекпе-жекпен барып қалатын шығармын. Мен өз елімді, xалқымды сүйемін», — деді Головкин The Ring-ге берген сұxбатында.

Айта кетейік, жақында Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жектен кейін реванштың болатынын айтып қалды. Бұған дейін мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя да GGG-ге қарсы алдағы жекпе-жекті бір рет емес, екі рет реваншпен қайта өткізуге болатынын мәлім етті.

Сондай-ақ америкалық бапкер Роберт Гарсияның пікірінше, Головкин-Альварес трилогиясынан кейін GGG қыруар табыспен зейнетке шықса да болады.

ДереккөзInform.kz