2017 жылдың I тоқсанында кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Оңтүстік Қазақстан (4,8%) және Жамбыл (3,8%) облыстарында, ал ең аз көрсеткіші Астана (0,8%) мен Алматы (0,9%) қалаларында тіркелді.
Отбасылық тұтыну шығыстарының деңгейі олардың материалдық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Мысалы отбасындағы шығыс децильдік бөлу кезінде отбасылық кіріс сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді.
Сонымен, Қазақстанда 2017 жылдың I тоқсанында азық-түлік тауарларына жұмсаған шығын 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген отбасылар арасындағы айырмашылық 4,3 есені, азық-түліктен басқа тауарларға – 7,3 есені, ал ақылы қызметтерге – 8,0 есені құрады.
Статистика комитетінің мәлметіне сай, қала және ауыл халқының арасындағы кедейлік деңгейі мен арадағы айырмашылық бұрынғыдай сақталып отыр.