доллар теңге
Фото: Nalogikz.kz

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында белгіленген тапсырмаларына сәйкес 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесі енгізілмек.

Министрдің айтуынша, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға берілетін 3 түрлі жәрдемақы біріктіріледі. Олар: азаматтардың табысына қарамастан республикалық бюджеттен тағайындалатын арнаулы жәрдемақы, отбасының табысына қарай анықталатын және жергілікті бюджеттен төленетін балалар жәрдемақысының атаулы әлеуметтік көмегі. Енді азаматтар бұл жәрдемақыларды алу үшін 3 пакет құжаттар даярлап, 3 түрлі мекемеге бармай-ақ, жаңа жүйе аясында 1 пакет құжаттарды даярлап Жұмыспен қамту орталығына барады.

Министр алдағы уақытта көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға берілетін әлеуметтік жәрдемақылардың әрқайсына шамамен 2 500 теңге қосылатынын айтты. Нәтижесінде 2018 жылдан бастап берілетін жәрдемақының мөлшері орташа есеппен қазіргі беріліп жүрген 3 жәрдемақыдан орташа есеппен 25%-ға жоғырылайды. Бұл үшін  бюджеттен қосымша 42,8 млрд теңге қарастырылған.

Тамара Дүйсенова мұндай әлеуметтік көмектің кез келген отбасына берілмейтінін ескертті. Оларға қойылатын арнайы талаптар бар.

«Мұндай қомақты қаражат аз қамтамыз етілген отбасыларға шартты түрде берілгелі отыр. Егер отбасында жұмыс жасындағы еңбекке қабілетті азаматтар болса, онда олар міндетті түрде Жұмыспен қамту шараларына қатысуы тиіс. Яғни еңбекке қабілетті әрбір азаматқа берілетін атаулы әлеуметтік көмекке қосымша мемлекет тарапынан оқып, мамандық алып, жұмысқа тұруына немесе микро-кредит алып, өз ісін ашуға қолдау жасалады. Егер еңбекке қабілетті азаматтар осындай қолдаудан өз еркімен бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Ал жұмысқа тарту шараларына қатысуды өз бетінше тоқтататын болса, онда төленіп жатқан атаулы әлеуметтік көмек те тоқтатылатын болады», – деді министр.

Сөз соңында министр бала күтімінде отырған аналар мен белгілі бір себептерге байланысты еңбек ете алмайтын жандарға жәрдемақы берілетіндігін атап өтті.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!