Қазақстандық әртістер футболдан әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы финалдық ойында Ұлыбритания командасын 2:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандықтар Сербия құрамасын ұтқан болатын.

Ойынға әншілерден: Мұқасан Шахзадаев, Әділжан Омаров, Абдулкарім Карімов, Ғаділбек Жаңай, Нұржан Керменбаев, Ерлан Әлімов, Арман Қоңырбаев, Әділбек Сарбаев, Аңсат Ділдабай, Алмас Алтынбек, Аман Меңдібай, Асыл Парин, Ғалым Райхан, Рысбек Аташев, Равиль Исаков, Әлішер Егембердиев, Күнтуған Сұлтан; режиссерлерден: Ақылбек Досжанов пен Әнуар Матжанов; халық әртісі Мэлс Cағат; Құрмангазы оркестрінен Абай Жансарбаев; Марселен Камате, Қуаныш Керімқұлов, Тәуекел Мүслім, Әділ Ахметов сынды актерлер қатысты. Құрама президенті Akzhol Serik Dj Bars Ғалымжан Арыстанбек болды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық әртістер 2015 жылы да бұл ойынға қатысып, бесінші орын алған болатын.

ДереккөзSputniknews.kz