Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшылығына Константин Бусыгин тағайындалды

Константин Бусыгин 1965 жылдың 11 желтоқсан күні Ташкент қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын заңгер-халықаралық құқық маманы, «РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясы» жоғары кәсіби білім беру федералды мемлекеттік мекемесін тәмамдаған.

Түрлі жылдары Мәскеу қаласындағы Солнцево басқарма басшысы, «Ижмаш» ҮЕҰ бас директоры, Мемлекеттік шекараны орнықтыру бойынша федералды агенттіктің басшысы болып жұмыс істеген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

ДереккөзInform.kz