2018 жылы Мәскеуде Диснейлендтің аналогы ашылады

DreamWorks жылдың барлық мерзімінде жұмыс істейтін, балаларға арналған ойын-сауық паркі болмақ. Оның ауданы әкімшілік нысандарымен бірге 294 мың шаршы метрді құрайды.

Жаңа саябақтың орнында бұрын Қазан төңкерісінің 60 жылдығына арналған саябақ болған. Қазір ол ландшафтты демалыс зонасына айналған. Онда велосипед пен жаяу жүргінші жолдары және балалар мен спорт алаңдары бар.

DreamWorks әйгілі Диснейлендтің аналогы болмақ. Оның аумағында «Союзмультфильм» киностудиясының паркі мен Ресей тарихының интерактивті мұражайы орналасады.

Сонымен қатар, бұл жерде DreamWorks-тің жабық ойын-сауық орны мен DreamWorks Land променады, кинотеатр, балаларға арналған тақырыптың кафе, ресторан, универмаг пен дүкендер, ең үлкен жер үсті және жер асты паркингтері, қонақүй кешені болады.

Құрылыс 2018 жылдың үшінші тоқсанында аяқталмақ. Паркке салынатын инвестицияның жалпы көлемі 50 млрд рубль. Ол өз шығынын 15 жылда өтейді.

Дереккөз7kun.kz