Турин қаласында Еуропалық Одақтың білім беру қоры ұйымдастырған «Өзгеріп жатқан әлемдегі жаңа мамандықтарды құру» атты конференция өтті. Жыл сайын өтетін дәстүрлі шараның басты мақсаты − қазіргі таңда білім мен ғылымның дамуының өзекті мәселелерін қолға алып, кәсіптік оқытудың ғылыми сапасын арттыру.
«Мен өз еңбегімде қазақстандық кәсіпкерлікті дамытудың жолдарын таныстырдым. Менің кітабым көлемді инвестициясыз-ақ шағын кәсіпкерліктің дамытудың жолын қарастырады. Өз ісіңді қалай бастау керек деген сұраққа жауап іздейді. Осы арқылы бизнесті енді қолға алған азаматтарға тек талап мен қажырлы еңбек ғана қажет, − дейді Арман Тосқанбаев.
Шараға қатысушылар Қазақстандағы гидропондық қондырғылардың дамуы мен IT-технологиялар негізінде жасалған сағат бизнесінің дамуындағы қиындықтар туралы жасалған баяндамаға аса қызығушылық танытқан.
Айта кетейік, Еуропалық одақтың білім қоры жыл сайын әлемнің 28 елінен келген 300 делегатты қабылдайды. Оның ішінде білім министрліктері, кәсіптік білім беру орталықтары, әртүрлі халықаралық білім беру ұйымдары мен агенттіктердің өкілдері қатысады.