Күн электр стансасы

«Бурное Солар» күн электр стансасын ұлғайту жобасын қолдау және ынтымақтастық туралы келісім бекітілді. Осы құжат аясында күн электр станциясының қуаттылығын  қазіргі таңдағы 50 МВт-тан  100 МВт-қа дейін жеткізіледі. Бұдан бөлек, «Бурное Солар» жобасы бойынша несиелік келісім бекітілді.

«Бүгін маңызды құжатқа қол қойдық. Атап айтқанда, ол жоба еліміздегі ірі күн электр стансасы. Қазіргі кезде оның қуаттылығы 50 МВт екенін білесіздер, ал 2018 жылы оны екі есеге арттыру көзделіп отыр. Осы орайда посткеңестік кеңістікте ең ірі электр стансасы болмақ. Осы келісім – United Green Energy компаниясы, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Қазақстан Үкіметі ынтымақтастығының жарқын үлгісі», – деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, қол қою рәсіміне Еуропалық қайта құру және даму банкінің энергетика мен табиғи ресурстар жөніндегі басқарушы директоры Нандита Паршад, United Green Energy Limited компаниясының директоры  Альбрехт Фришеншлагер қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Жуалы ауданында салынған қуаттылығы 50 МВт құрайтын күн электр стансасы 2015 жылы 2 шілдеде Елбасының қатысуымен Индустрияландыру күні аясында іске қосылған.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

Пікір қосу