Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстандық сәбилердің ерекше есімдері

Көрнекі сурет

Қала құрметіне

2012 жылы Маңғыстауда туған баланың есімі — …Нью-Йорк. Ия, дәл солай. Ал Алматы қаласында Атланта есімді қыз бала бар. Мүмкін бұл тағдыр болар.

Олардын бөлек елімізде Рим, Астана, Мекке-Мәдина және Қазақстан есімді сәбилер бар.

Спортшылардың құрметіне

Футбол басқа көптеген елдердегідей Қазақстанда да өте кеңінен тараған спорт түрі. Футбол десе делебе қозып тұрады. Сондықтан болар, танымал футболшылардың құрметіне қойылған елімізде он үш Зидан, он үш Зинедин, он Диего, бес Марадонна, төртПеле, төрт Серхио, екі Лионель Месси, екі Роналдо және екі Икер бар екен.

Атаулы іс-шараларға байланысты

Елімізде өткен атаулы іс-шараларға байланысты қойылған сәби есімдері де жеткілікті: Саммит, Олимпиада, Азиада және Сайлау. Бұл тізім әлі толық емес… Себебі келесі жылы Экспо есімді нәресте дүниеге келуі әбден мүмкін.

Өсімдікке байланысты

Еліміздегі ерекше есімдердің бірі — Бәйтерек. Оны тамырын тереңге жайған ағашқа байланысты қойды ма, әлде монументті меңзеп қойды ма тек ата-анасына мәлім. Ал 2013 жылы Теміртау қаласында туылған баланы ата-анасы Ёлка деп атапты. Мейлі, Бәйтерек өскенде, ел оны Бәке деп атар, ал Ёлканы қалай атайды, міне сол қызық?!

Ұлы адамдар құрметіне

Бұл тізімді, әрине, Нұрсұлтан есімді бүлдіршіндер бастап тұр. Бірақ біздің қазақ таң қалдырудан жалыққан ба? Баласы Елбасы болсын деп армандаған қазақтың қиялында шек жоқ. Мәселен, Жамбыл облысында дүниеге келген сәбидің есімі — НұрӘбиНаз.  Яғни Қазақстан Президентінің аты, тегі, әкесінің аты қысқартылып, бір есім болып шыққан. Бұдан өткен тағы бір қызық есідер бар. Олар — Ева-Арабелла және Бауыржанмомыш.

Басқа да есімдер

Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүр. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиқысыз есімдерді де қойған. Дәл осы дәстүр әлі де жалғасып келе жатқан іспетті. Әлбетте, мына есімдерді басқаша түсіндіре алмас едік: Дильнозалидия, Бобырбек, Ақпантоқпантұрарқожа, Балтагүл, Тракторгүл, Принц, Князь, Рай, Жанымсол, Антиятульхади және т.б.

Мақалаға реакция

33 Пікір

  1. И
    Индира 10 жыл бұрын
    менің сіңілімнің аты Медина мекке -Мәдина ның құрметіне қойғантынбыз
  2. Н
    Нургул 10 жыл бұрын
    Менің қызымның есімі Тоғжан тоғ жүрсін деп қойғанбыз
  3. И
    Индира 9 жыл бұрын
    Кызымыздын есімін атасы Жангүлім деп койды.ерекше есім деп ойлаймыз.
  4. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Мен балаларым ның есім дері Ахан Амина Абылай хан Алихан
  5. А
    Амангул 9 жыл бұрын
    Менің қызымның есімі НҰРПАТША!!!
  6. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    мен жакында босанам кыз деген есимин кәусар деп койсамба деп отырым
    1. Б
      Баглан 9 жыл бұрын
      Балсезим балым багым есимдериде бар.
  7. Ш
    Шолпан 9 жыл бұрын
    менин есимимди шолпан жулдыздай жаркырап журсн деп койган
  8. А
    Айдана 9 жыл бұрын
    Асылым Ақкербез
  9. А
    Айзада 9 жыл бұрын
    Мен інімнін аты Зиннур Али
    1. З
      Зере 9 жыл бұрын
      Менің есімім Зере.Бұл есімді атам қойды.Атам түсінде Зере деген есімді есірткі.Сондыктан атымды Зере деп койды .
  10. Г
    Гүлнұр 9 жыл бұрын
    Менің қызымның аты Жанкемел
  11. З
    Зульфия 9 жыл бұрын
    Кызымнын аты Эсманнур (Танирдин нуры деген магына)
  12. Е
    Еркеназ 9 жыл бұрын
    Рауан
  13. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Менің қызымның есімі Райса жұмсақ мінезді дегенді білдіреді.
  14. З
    Зульфия 9 жыл бұрын
    Меним кызымнын аты АЙЛАНА
  15. Г
    Гүлжамал 9 жыл бұрын
    Менің немерелерімнің аттары Имантай.Медина.Сəлім.Арсен.Сабина.
  16. К
    Куралай 9 жыл бұрын
    Кыздарым нын есімін Інжу Аниса Айсана деп коидык.
  17. Г
    Гул 9 жыл бұрын
    Менің қыздарымның есімі Амина,Айзере.Жақсы есімдер деп ойлаймын
  18. М
    Мунизила 9 жыл бұрын
    Менын есымым Мунизила
  19. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    АЙПЕРИ
  20. З
    Зере 9 жыл бұрын
    Менің есімім Зере. Бұл есімді атам койды.Атама түсінде үлкен Ата немереннің есімін Зере деп кой деп аян түсіне кірді.Сондықтан менің атымды Зере деп койды☺
  21. А
    Айжан 9 жыл бұрын
    Менин баламнын есими Коктен. Аспанын туси коктен деген магнада койылды
  22. А
    Айжан 9 жыл бұрын
    Менин баламнын есими Коктен
  23. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Менінің досымның есімі-Атина
  24. Г
    гулжанат 9 жыл бұрын
    Менин улкен баламнын есими Мухаммад Ибрахим екиншиси АБдуллах ушинши улымнын есими Ясин
  25. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Казакша есимдер жокпа???сиздер казир Атина коктен деп койсаныздар олар болашакта ул кызына кандай есим береди екен?лай су булак дейтин шыгар.Шукир2 улым бар айсултан даулет аттары.
    1. М
      Мадина 9 жыл бұрын
      Дұрыс айтасыз
  26. Т
    таңшолпан 9 жыл бұрын
    Менің сінілімнің есімі Элеонора . Мен сінілімнің есімі өте ерекше.
  27. М
    Меруерт 9 жыл бұрын
    Меним улымнын есими Абиыр.
  28. С
    Санжар 9 жыл бұрын
    Менин апкемнин есими Гулсезим карындасымнын аты Жансая ерекше есимдер
  29. С
    Санжар 9 жыл бұрын
    Менин апкемнин аты Гулсезим карындасымнын есими Жансая
  30. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Ерекше ештеңе корип турган жокпын бари карарайым жиi кездесетин есимдер,кеибiреуi тiптен кулкулi