Кәсіпкерлерге қиындық тудырып келген 215-бап алынып тасталды

«ҚР Қылмыстық кодексінің 215-бабын қолдану (жалған кәсіпкерлік) бизнеске айтарлықтай қысым көрсетіп келді. Жалған кәсіпкерлер айыппұл төлеп құтылып келді, ал оның көптеген контрагенттері қосымша салық, айыппұл мен өсімақы төлеуге мәжбүр болып келді», ­– деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Заңнамада қарастырылған құқықтық құралдарды қолдана отырып, адал кәсіпкерлер өз келісімдерінің шынайылығын дәлелдеуге мүмкіндік алады және құқықтарын қорғайды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин атап өткендей, заң жобасына экономикалық құқық бұзушылық үшін жазалауды ізгілендіруге бағытталған бірқатар түзетулер енгізілген. Атап айтсақ:

  • кәсіпкерлік салада бірінші рет құқық бұзған тұлға келтірген залалын өз еркімен өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады;
  • жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапқа тартылу алынып тасталады.

«Осылайша, біздің шешіміміз Мемлекет басшысының отандық бизнесті қолдау, оның дамуы мен өсуіне жағдай жасау туралы тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған», – деді Нұрлан Нығматуллин.

ДереккөзNaryk.kz