Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстандық қалталылар «элиталық» жезөкшелерді жалға ала бастады

Оның айтуынша, жезөкшелер туралы жантүршігерлік оқиғалар шындыққа жанаспайды. Олар «түнгі көбелекке» арзан ақша мен рахатқа бөлену үшін айналады.

Рианнаның ата-анасы оның оқуының, музыка және вокал сабақтарының, модельдік курстарының ақысын төлеп, жылына екі рет теңізге апарып тұрған. Олар қызын болашақта адвокат ретінде көргісі келген, алайда қызы басқа өмірді таңдап, «шылқыған байлығы бар қалталылардың» қойнында болуды жөн санаған.

Рианна клиенттің сутенерға ақша төлеп қастарына досын шақыруынан қорықпайды. Оны мазақ қылуға болмайды және қол көтеруге тыйым салынған. Бойжеткен ақшаны алдын-ала алады егер клиентпен келісілген шарт бұзылған жағдайда ол ақшаны қайтармайды. Сонымен бірге Рианна сый ретінде өте қымбат сыйлықтар алып тұрады, мәселен аралдағы бесжұлдызды қонақүйде демалу секілді.

Келісім-шартқа ер адамға адал болу, шу шығармау, қыңқылдамау кіреді. Тек қалталы дөкейдің қасында бойжеткен үнемі күлімдеген көздерін көрсетіп, жарқыраған жүзімен жүруі тиіс. Тағы бір пункт — ғаламторда отыруға, құрбыларымен сөйлесуге тыйым салынған. Клиент бойжеткен үшін барлық әлемді алмастыра алады. Бұл айына 1,5 мың долларға тұрарлық дүние деп әңгімеледі Рианна.

Журналситің бұл аз ақша емес пе, деген сауалына Рианна адамдар «элиталық жезөкшелердің» табысын асыра сілтеп айтады дейді. Оның сөзінше, кейде бойжеткендерге тіпті ақысы төленбейді, қалталылар оларды тек демалысқа шыққанда қастарына ертіп алады немесе барлық жағдай жасалған пәтерлерді жалға алып, бірге болады.

Рианна тоқал болғысы келмейді, бизнесмендер жақында екінші әйел алудан мүлдем бас тартады деген ойда.

Бойжеткен жеткілікті қаржы жинап алған соң тұрмысқа шығып, бала сүюді қалайды.

«Мен бақыттымын. Мені сөгуге асықпаңыздар үндемей ғана қызғаныңыздар», — деп сөзін аяқтады Рианна

Мақалаға реакция

9 Пікір

  1. А
    Аружан Шымкент 10 жыл бұрын
    Құдайдан қорықпайтындар қатары күннен күнге көбейіп бара жатқаны қынжылтады. Жетіскен екенсің. Тағы да «Мен бақыттымын. Мені сөгуге асықпаңыздар үндемей ғана қызғаныңыздар» деп қояды.
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    кудай сактасын акшан тасып баратса жетим жесирлерге тарат
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Несін кызган дейд мынау...корінгенмен жатып акша тапканын ба? Олай жинаган акша саган бак болмайды карындас...Болашак куйеуіне сор болайын деп отырсын гой....
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    қазақ қыздары бұндай өмірге қызықпайақ қойсын олар ертең алланың қарғысына ұшырап ит өліммен өледі
  5. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Мынау басқа қыздарға ой салып тұр ғой арсыз неме. Азғаныңмен қоймай өзгелерді де аздырайын деп жүрсің бе? Сен қалай жасасаң да ол ЗИНА. Ал зина ең үлкен күнәләрдан. Бай кедей барлығымыздың ертең баратын жеріміз тар қабір, іші қараңғы, ол жерге бізбен тек жасаған амалдарымыз ғана барады. Ал одан ары екі жол жұмақ немесе тозақ. Сенің жолыңдағылардың баратын жері айтпаса да белгілі
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Алла сактасын.Жезокшелердин бари бирдей емес па,онын неми элитный
  7. А
    аноним 10 жыл бұрын
    Сондай-ақ , күйеуге шығып, бала сүйгісі келеді екен, армандапсың Рианна!!!
  8. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жезокшелер де элитага болинетин болган ба? Калталылар акшаларын кайда жиберерин билмей жур де. Биреу тойып секиреди,биреу тонып секиреди....
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Сол калталылардын кыздары немесе карындастары бар мекен? Соларды биз жалдайык... Сонда кореди кандай екенин... Зордан зор шыкса еки козин сонда шыгар демекши...