Тамақ бизнесі

тамақ кафе

Мейлі ол ыстық тағам болсын, жаңа піскен торт немесе салат болсын, бизнесіңіз ешқашан тоқтап қалмайды. Тек тағамның қай түрін дайындайтыныңызды, қайда, қалай өткізетініңізді, бағасын дұрыс қоя білсеңіз болғаны. Бизнес бастағанда оның қаншалықты сұранысқа ие екенін анықтап алған жөн. Ал адамдар күнделікті тамақтанатынын ескерсек, тамақ өндірісі «мәңгілік кәсіп» болып қала бермек.

Оқыту курстары

Оқушылар мен студенттер жазғы демалысқа шықты. Енді бос уақыттары көп. Ондай кезде ата-аналар балаларын тіл курстарына, басқа да пәндерден қосымша сабаққа жіберуге дайын. Бейіндік бағыттар бойынша жазғы лагерьлер мен біліктілікті арттыру курстары да маусымдық табыс табудың ең пайдалы әрі оңай жолы саналады.

«Жасыл» бизнес

жасыл бизнес

Соңғы уақытта қоршаған ортаны қорғауға көп мән берілуде. Осы орайда органикалық өнімдер өсірумен айналысуға болады. Бизнестің бұл түрі көп қаражатты қажет етпейді және мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы көп болмақ.

Автожөндеу

Автожөндеу

Қазіргі дағдарыс уақытында көптеген адамдар жаңа көлік ала бермейді. Сондықтан, оның орнына ескі көлігін жөндеп алғанды жөн көреді. Демек, арзан әрі сапалы қызмет түрлерін көрсету арқылы аз шығынға ұшырап, көп табыс табуға болады.