Басты бетЖаңалықтарАстанаға Моңғолия...

Астанаға Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж келді

2004 жылы Ташкент саммитінде бақылаушы мәртебесін алғашқы Моңғолия алды.

1996 жылы «Шанхай бестігі» құрылған. 2001 жылы ол Шанхай ынтымақтастық ұйымы болып өзгертілді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы — Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан көшбасшылары негізін 2001 жылы қалаған халықаралық ұйым.

2015 жылғы шілдеде ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанды қабылдау рәсімі қолға алынды.

Қазіргі уақытта Астанада өтетін саммитке Ауғанстан президенті Ашраф Гани Ахмадзай және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді. Ресей президенті Владимир Путин де келеді деп күтілуде.