Қайрат Келімбетов БЖЗҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді

БЖЗҚ директорлар кеңесінің құрамына басты акционер ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев, сондай-ақ, екі тәуелсіз директор Бейсенғали Тәжияқов пен Қадырғали Дамитов енді.

«Кеңестің бұрынғы мүшелері, ҚР ҰБ төрағасының орынбасары Дина Ғалиева, ҚР Еңбек министрлігі әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Майраш Қозжанова, «Global Sovereign Advisors» басқарушы серіктесі Борис Борозан, «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева өз орындарында қалды», — деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.

 

ДереккөзInform.kz