«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ пен «Шаг» компьютерлік академиясы «Ашық үкімет» порталының ашық деректері негізінде мобильдік қосымшаларды өңдеу байқауын өткізді.
Онда 16 жастағы Давид Кнышенко өзінің «Fast Helper» атты жұмысын ұсынып, байқау жеңімпазы атанды. Бұл мобильдік қосымшаның көмегімен өрт сөндіру қызметін, жедел жәрдем немесе құтқару қызметін шақыруға болады. Сонымен қатар, онда қандай жағдайда не істеу керек екенін түсіндіретін ақпараттық анықтама бөлімі бар.
Қазылар алқасы бұл қосымшаны ең өзекті деп бағалады. Себебі, оның көмегімен біреудің өмірін сақтап қалуға болады.
Айта кетейік, Давид Кнышенко — «Шаг» компьютерлік академиясының шәкірті.