«Левит пен Тищенко Германиядағы әлем чемпионатында кездесуі мұмкін. Жартылай финалда немесе финалында», — деді қазақстандық команданың бапкері.
Айта кетейік, қазастандық Левит пен ресейлік Тищенко 2016 жылғы Олимпиадада кездесіп, басты бокс оқиғасын жасаған еді. Төрешілер алқасы жеңісті ресейлік боксшыға бергеннен кейін бокс әлемінің серкелері қазақстандықтың жеңгенін айтып, шешімге наразылық білдірген болатын.
Айта кетейік, Германияның Гамбург қаласындағы әлем чемпионаты тамыз айында өтеді. Левит әлем біріншілігіне жолдама жеңіп алған.