Халықаралық ғарыш станциясының «Союз МС-03» кемесі Қазақстанға қонды

Ұшуды басқару орталығының хабарлауынша, ғарыш кемесі Қазақстанға қонған. Экипаж мүшелерінің жағдайы жақсы.

Ғарыш кемесінің қай жерге қонғанын іздеуге барлығы 150 әскери адам, 12 Ми-8 тікұшағы, 3 ұшақ, 14 автотехника, 6 іздеу көлігі жұмылдырылған.

Жерге оралған ғарыш кемесімен ресейлік Олег Новицкий мен еуропалық Тома Песке есімді ғарышкерлер ғарышқа 2016 жылдың 17 қарашасында ұшқан еді. Олар ғарышта 197 тәулік болып келді.

ДереккөзTass.ru