Басты бетЖаңалықтарБолашақ энергиясы»...

Болашақ энергиясы» халықаралық инновациялар эко-автошеруі Астанаға келді

31 мамыр күні Бішкек қаласынан бастау алып, Қазақстанның келесі қалаларында жалғасты: 1 маусым – Алматы қ., 3 маусым – Балқаш қ., 4 маусым – Қарағанды қ., 5 маусым – Астана қ., 6 маусым –EXPO-Camp жастар жазғы лагерінің ашылуы болатын Арнасай ауылына барады. Одан кейінгі бағыт Ресей, Армения, Беларусь және Европа арқылы өтеді.

Автошеру «жасыл экономиканы» насихаттау аясында өткізіледі және ЕХРО- 2017 көрмесінің ашылуына орай ұйымдастырылады

Эко-автошерудің ұйымдастырушылары – G-Global халықаралық хатшылығы, Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы.

Эко-автошерудің және қалаларда ұйымдастырылатын кещдесулердің негізгі модераторы – Диас Уралов, өнертапқыш, Коалицияның коммерцияландыру кеңсесінің директоры.

Автошерудің ресми серіктесі – Мұратбек Сұлтанбеков, Қырғызстандық өнертапқыш. Ол 2016 жылғы «Менің таңдауым Таза Энергия, Таза Су, Таза Ауа, Таза Сана» ұранымен Бішкек – Астана – Ереван – Минск – Мәскеу бағытымен өткен 12 мыңдық велошерудің бастаушысы болған.

Велошеруге дайындық кезінде ол электр велосипедін жасады және соған лайық генератор іздеді. Мұндай генератор Қазақстаннан табылды. Бұл өте жеңіл жиналатын модульдік құрылғы, біздің шквалдық желдерге төзімді және жел ағынының жылдамдығы ақырын болғанның өзінде электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Құрастырушы Мұзбаев Жамболат, «Three Energy» ЖШС-нің директоры. Енді бұл өнертабыс қатысушылардың электр велосипедтерін энергиямен қамтамасыз етіп тұрады.

Осы орайда, эко-автошерудің қатысушыларының көлік құралдарының жартысы инновацияларды қолданады – бұл электр велосипедтері, сутегі генераторымен жүретін автокөліктер, оны жасап шығарған Диас Уралов осы іс-шараның қатысушысы,

Эко-автошеруге Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары: Қазақстан-Британ техникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қарағанды Ұлттық техникалық университеті, Балқаш гуманитарлық техникалық колледжі қолдау көрсетті.

Аталған барлық «жасыл» технология өнертапқыштары 2014-16 жылдары «Online ЕХРО-2017» байқауының жеңімпаздары

Бірегей эко-автошеру өтетін қалаларда ұйымдастырушылар жастармен, ғалымдармен, кәсіпкерлермен және билік өкілдерімен кездесулер өткізді. Бұл пайдалы ақпарат алмасу бойынша «жасыл» эстафета болады, оның барысында кездесулерге қатысушылар Қазақстанда «жасыл» технологиялар сәтті жүзеге асып жатқанына көз жеткізе алады.

Бұл тек заман талабы емес, олардың енгізілуі елдің әлеуметттік-экономикалық дамуына әсер етіп, біздің әлемдегі бәсекеге қабілеттілігімізді арттыра алады.

Эко-автошерудің ең басты мақсаты – әлемімізді экологиялық таза әрі энергиялық тиімді ететін қол жетімді «жасыл» технологиялардың мүмкіндіктерін халыққа көрсету. Бұның барлығы біз болашағымызға сенімділікпен қарай алатынымызды білдіреді.

ДереккөзBnews.kz