Футбол
©vkpress.ru

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағының (ФИФА) жаңарған рейтингінде төрт орынға жоғарылады.

Қазақстан құрамасы мамыр айында бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Соған қарамастан жаңартылған тізімде отандастарымыз 104-орыннан 100-орынға көтерілді.  Дегенмен бұл орынға 331 ұпайы бар Үндістан мен  Никарагуа да таласып түр.

Рейтингтің бірінші ондығында ешқандай өзгеріс болмаған. Бірінші орында – Бразилия, екінші орында – Аргентина, үштікті Германия құрамасы түйіндеп тұр. Дегенмен Польша құрамасы ұпай саны бойынша Испаниямен теңесіп, 10-орынға таласып тұр.

1 (1). Бразилия – 1715 ұпай,
2 (2). Аргентина – 1626,
3 (3). Германия – 1511,
4 (4). Чили – 1422,
5 (5). Колумбия – 1366,
6 (6). Франция – 1332,
7 (7). Бельгия – 1292,
8 (8). Португалия – 1267,
9 (9). Швейцария – 1263,
10 (10). Испания – 1198,
10 (11). Польша – 1198.

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Мавритания ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар 13 саты төмендеп, 104-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Жаңа Зеландия құрамасы еншіледі. Олар 17 саты жоғарылап, 95-орынға табан тіреген.

Айта кетейік, 10 маусым күні Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасымен кездеседі.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!