Басты бетЖаңалықтарАлматы экологиясы...

Алматы экологиясы — қауқарсыз қала тұрғындары

Қазіргі уақытта әлемдік деңгейдегі экологияның жай-жапсары бәрімізге аян. Ал бүгінгі Алматының экологиялық ахуалы кезек күттірмейтін өзекті тақырыптардың бірі. Алып шаһар Алматының географиялық орналасуы, айналасын  қоршап тұрған таулардың есебінен қала маңындағы өндіріс орындары, жылуэнергетикалық объектілер мен автокөліктерден шығатын газ қалдықтарын атмосферада тарап кетпей төбемізде көкшиіп таза ауамен демалуға кедергісін келтіріп отқан жаймен түсіндіруге болады.  Бұл орайда Алматы қаласының көркін ашып, қала тұрғындарына қысы-жазы керемет демалыс орындарын сыйлап отырған таулардың орналасуына еш реніш білдірудің қажеті жоқ. Бұл табиғаттың сыйы. Негізгі мәселе біздің қаладан шығып жатқан әртүрлі лас ауаларды аспанға көтерілуіне мүмкіндік беріп жатқан жайымыз. Себебі экологтардың айтуынша,  атмосфераны ластайтын әртүрлі химикалық газ қалдықтарының шығу үлесінің 20-ға жуық пайызы  жылуэнергетикалық объектілерден, 10 пайыз шамасында өндіріс кәсіпорындарынан шықса, басым бөлігі, яғни 70 пайызы күнделікті пайдаланып отырған  автокөлік түтіндерінен бөлініп шығады екен.

Image result for гибридное авто в казахстанеҚала әкімшілігі қоғамдық көліктердің біршамасын  табиғи газға ауыстырды, автокөліктерін табиғи газбен қамтып  отырған  «Экотакси» ЖШС-не өз қолдауын білдіріп, қарапайым автокөлік сүйер қауымға өз көліктерін табиғи газды қолдануға шақырып отқанына қарамастан, ел арасында бензиннен көгілдір отынға ауысатындар еш асығар емес. Ендігі кезек халық тарапынан да экологияны шешуге талпыныс танытсақ, қала атмосферасы тазаруы ғажап емес. Мәселен, Лос-Анджелес қаласының тұрғындары автокөліктерін гибридті автокөліктерге ауысу арқылы, тек көліктен ғана шығатын химиялық қалдықтарын 98 пайызға кемітті. Соның арқасында 1960 жылдардағы аспаның түтін басқан Лос-Анджелес тұрғындары үшін  (автокөліктер саны ол кезден бері 3 есеге көбейсе де), бүгінде, көк аспан мен шуағын шашқан күн көзін көру қиындыққа соқпайды.  Осылайша Алматы қаласының тұрғындары өз автокөліктерінің экологиялық лас ауа шығару деңгейін тексеруге, көгілдір отынға көшуге, жаңа көлік алушылар гибридті немесе  қозғалтқыш көлемі аз автокөліктерді алуға ынталанатын болса, ең болмағанда алдағы 50 жылда Алматы қаласы әлемдік мегаполистер тұғырында ең алдынғы қатардағы экологиялық таза қала болатынына сенеміз. Ендеше Алматының аспанын басқан түтінді жою тек қала тұрғындарының қолында.

Дастан ШЕРЕХАН

ДереккөзАрхар сайты