Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жайық өзеніне 1 миллионнан астам бекіре шабағы жіберілді

Фото: gov.kz

Не болды?

Атырау бекіре балық өсіру зауыты Жайық өзеніне 1 миллионнан астам бекіре тұқымдас балық шабағын жіберді. Жоба бекіре қорын жасанды жолмен көбейту және Қазақстанның Каспий теңізінің ресурсын сақтау міндеттемесі бойынша жүзеге асты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Атырау бекіре балық өсіру зауыты табиғи ортадан аналық және аталық балықты аулап, олардың санын қалпына келтірумен айналысатын мемлекеттік мекеме.

Мамандардың айтуынша, зауыттағы биотехнология басқа балық өсіру кәсіпорнындағы әдістен ерекшеленеді. Соның арқасында табиғи су айдынына жіберілетін шабақтар қоршаған ортаға тезірек бейімделеді.

Шабақтар табиғи жағдайға барынша жақын тоғанда өседі. Мұндай тәсіл олардың табиғи қорекпен қоректенуіне, қауіп-қатерге бейімделуіне және өздігінен тіршілік етіп үйренуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде олар температура мен су режиміндегі өзгеріске төзімді болады.

Бекіре тұқымдас балық қорын толтыруға бағытталған бастама 2026 жылы да жалғасын тапты. Бұл жұмысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар және балық шаруашылығы саласының өкілдері қатысып жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, полицейлер Жаңаөзен тұрғынынан жарты тоннадан астам бекіре тәркіледі.

Мақалаға реакция