Халықаралық «Арал теңізінің күні» белгіленді

Форум соңында:

  1. «Арал теңізінің шығыс жағалауынан «Жасыл белдеу» құру жобасы;
  2. «Жабайы жануарларды климаттың өзгеруіне жерсіндірудің Арал өңірі орталығын құру» жобасы;
  3. «Қамыстыбас» көлінің жағалауында «Арал» ғылыми – туристік орталық» құру;
  4. «Қызылорда облысының Атласын дайындау және ГИС технологиясының негізінде Арал өңірінің интерактивті электронды картасын» әзірлеу және өзге де жобалар бойынша бірқатар хаттамаларға қол қойылды.

Сондай-ақ, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылған күні 26 наурыз — «Арал теңізінің күні» ретінде жариялау жөніндегі ХАҚҚ-ның Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының бастамасы қолдау тапты.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының және Орталық Азия елдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, халықаралық ұйым өкілдіктерінің жетекшілері, ғалымдар, сарапшылар және т.б. қатысты.

ДереккөзBaq.kz