Жақын күндері Астанадан бірнеше халықаралық әуе рейсі ашылады

Бүгін, 30 мамыр күні «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы Варшавадан Астанаға әуе қатынасын ашады. Рейс бүгіннен бастап аптасына 4 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері Боинг 737 үлгісіндегі әуе кемесімен орындалады. Польшаның «LOT» әуе компаниясы EXPO-2017 халықаралық көрмесі кезінде Астанаға аптасына 7 рейс орындауға рұқсат алды.

Ал 31 мамырдан бастап «SCAT» әуе компаниясы Астана мен Ереван арасында тікелей әуе байланысын ашады. Рейс аптасына 2 рет сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта тұрақты әуе байланысын «SCAT» әуе компаниясы біржақты тәртіпте Ақтау — Ереван бағыты бойынша аптасына 3 рет жүзеге асыруда.

«Эйр Астана» әуе компаниясы 1 маусымнан бастап Астанадан Киевке ұшатын рейсті қалпына келтіреді. Рейстер аптасына 5 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері қатынайды. Тасымалдаушы ретінде Қазақстан тарапынан «Эйр Астана» және «СКАТ» әуе компаниялары, ал Украина жағынан «МАУ» әуе компаниясы белгіленді. Тұрақты ұшуларды орындау үшін рұқсат етілген пункттер:

қазақстандық тасымалдаушы үшін — Киев, Львов, Одесса, Симферополь, Донецк, Харьков.

украиндық тасымалдаушы үшінАлматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Ақтау.

Қазіргі уақытта тікелей рейстер мына бағыттар бойынша орындалуда:

— Киев – Астана аптасына 7 рейс (МАУ);

— Киев – Алматы аптасына 7 рейс (МАУ);

— Алматы – Киев аптасына 7 рейс (Эйр Астана).

ДереккөзBaq.kz