Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Енді Астанада самокатшыларды «Сергек» камерасы арқылы бақылайды

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Не болды?

1 шілдеден бастап Астана полияциясы тәртіп бұзған самокатшыларды «Сергек» камерасы арқылы бақылайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана полиция басқармасының орынбасары Махамбет Түлешовтің сөзіне қарағанда, бұл шешім самокатшылардың қозғалысын қадағалап, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтуға мүмкіндік береді.

Енді электрсамокаттың тіркеу нөмірі мен азаматтың жүргізуші куәлігі болу керек. Сондай-ақ, 18 жастан бастап қана самокат тебуге болады. Қазір жаңа жүйені құқық қорғау органдары мен «Сергек» компаниясы бірлесе әзірлеп жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді көшеде қараусыз қалған самокаттарды Алматы полициясы алып кетеді.