Көлемі 50 шаршы метрден аспайтын тамақтану орындары тексерілмейтін болды

Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, аталмыш шара кәсіпкерлікке деген қысымды төмендету үшін жасалған.

Қазірдің өзінде Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлікке деген кедергіні азайту үшін рұқсат ету құжаттарының санын 92 пайызға төмендеткен.

«Кәсіпкерлер өздері өндірістік бақылауын күшейту керек. Яғни «өзін-өзі» бақылауы керек. Сондай-ақ тұтынушылармен, яғни тұрғындармен кері байланыс орнауы тиіс. Яғни тамақтарына шағым түсіп, улану оқиғасы тіркелсе, нақты дәлелдермен шағым жазып, тек содан кейін тексеріс жүргізілетін болады. Бұл аталмыш орындар мүлде назардан тыс қалады деген сөз емес»,- деді ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин.

Алайда, бұл өзгеріс қарапайым тұрғындарды шошытып отыр. Себебі олар онсыз да санитарлық жағдайы мәз емес базар маңындағы және қаланың кез-келген жерінде кездестіруге болатын шағын орындарда санитарлық жағдай тіптен төмендеп кетеме деп алаңдайды.

ДереккөзAstanatv.kz