Теңіз кен орны мұнай өндіруді уақытша тоқтатты

«Теңізшевройл» ЖШС Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлап отыр. 

ТШО өкілдері мұнай өндіру қауіпсіздік мақсатында, ықтимал тәуекелдердің алдын алу үшін тоқтатылғанын түсіндірді.

Бұл шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің кейбіріне әсер еткен жағдайға байланысты қабылданды. Зардап шеккендер жоқ, ал персоналдың қауіпсіздігі компания үшін ең басты басымдық болып қала береді, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ТШО-ның техникалық қызметтері болған жағдайдың бастапқы себебін анықтау жұмысын жүргізіп жатыр. Негізгі міндет – туындаған ахуалды қауіпсіз түрде жою және жұмысты қалыпты режимде қайта қалпына келтіру.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да