Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Нидерландта хантавирусқа шалдыққан науқас анықталды

Фото: REUTERS / Dado Ruvic

Не болды?

Нидерландтың Неймеген қаласында хантавирус жұқтырған науқас тіркелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Tass агенттігінің хабарлауынша, науқас Радбауд университетіндегі медицина орталығының қызметкері. Бұған дейін науқас инфекцияны жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантинге жіберілген еді.

Кейінгі тексеру вирустың жоқ екенін көрсетіп, қызметкерден ешқандай ауру белгісі байқалмаған. Соған қарамастан, аурухана басшылығы қауіпсіздік шарасын күшейтіп, науқасты аптасына екі рет түрлі биоматериал арқылы тексеру туралы шешім қабылдады.

Осыған дейін медицина мекемесінің тағы 12 қызметкері биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтамағандықтан алты апта карантинге оқшауланған. Мамандардың мәліметінше, науқастың қан үлгісімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік толық сақталмаған. Сонымен қатар биоматериалдарды жою тәртібінде де бірқатар кемшілік бар.

Контекст

Хантавирустан сақтану жолын мына жерден оқыңыз.