Не болды?
Алматыдағы №90 мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары FEMO халықаралық математика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті. Түркияда өткен жарыста еліміздің оқушылары 16 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Анталияда 30 мамыр мен 1 маусым аралығында ұйымдастырылған Future Intelligence Students Mathematics Olympiad (FEMO) байқауына әлемнің 18 елінен жас математиктер қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да мемлекетің өкілдері болды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, №90 мектеп-лицейінен қатысқан 3–6 класс оқушыларының барлығы жүлдегер атанған. Нәтижесінде оқушылар алты алтын, үш күміс және жеті қола медаль иеленді.
Биыл олимпиадаға 6 мыңға жуық оқушы қатысып, тек 570-і финалға жолдама алды.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстан оқушылары Еуропадағы олимпиада үш алтын мен екі күміс алды.
