Не болды?
Қазақстан оқушылары Еуропадағы олимпиададан 3 алтын мен 2 күміс алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша, 23-29 сәуір күндері Литва Республикасының Вилнюс қаласында алғашқы European Mathematical Olympiad өтті. Олимпиадаға 19 елден 21 топ қатысты. Жалпы оқушылар саны — 126. Қазақстанның ұлттық құрамасы топтық байқауда 1-орын иегері болды. Оқушылар жалпы 3 алтын мен 2 күміс медаль алды.
Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз болған қатысушы — Марғұлан Шарел. Ол Астанадағы Spectrum International School-дың 12-класс оқушысы.
Алтын медаль алғандар:
- Эльдар Үсенов, Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-класс оқушысы;
- Эрик Лим, Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-класс оқушысы;
Күміс медаль алғандар:
- Ерасыл Алтынбек, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-класс оқушысы;
- Ануар Ағыбаев, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-класс оқушысы.
Құрама жетекшілері — Қазақстан-Британ техникалық университетінің 4-курс студенті Ярослав Гальберг пен Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі Асхат Абдыкулов.
Қатысушы мемлекеттер қатарында Албания, Армения, Болгария, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Исландия, Ирландия, Қазақстан, Косово, Латвия, Литва, Солтүстік Македония, Норвегия, Польша, Словения, Швейцария және Украина бар.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыда Медеу ауданындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары National Space Society ұйымдастырған Space Settlement Contest 2026 халықаралық байқауында екі рет жеңіске жетті.
