Не болды?
Атыраудағы Infinity ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктіктен құлап кетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
«Ақ Жайық» басылымының мәліметіне қарағанда, 14 жастағы жасөспірім ойын-сауық орталықтың кіреберісіндегі конструкцияға шығып, төменге секірген.
Бала жеңіл жарақат алған. Әкімшілік тексеруден кейін үйіне жіберген. Ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ғимараттағы қауіпсіздік шараларына қосымша тексеріс тағайындалды.
Контекст
Естеріңізге салайық, енді сабақта телефон қараған оқушының ата-анасы айыппұл төлейді.
