Не болды?
Ақтауда аутизм диагнозы бар бала 4-шағынауданда орналасқан №6 түзету балабақшасына барып, денесі көгеріп келген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Lada.kz порталының мәліметіне қарағанда, аутизм диагнозы бар баланың анасы Гауһар Ахмәдиева балабақшаға барып жүрген баласының денесі көгеріп қалғанын байқаған. Дәрігер төрт жасқа енді толатын балаға «психика дамуының тежелуі» (ЗПР) мен аутизм спектрінің бұзылуы (РАС) деген диагноздар қойған. Ол сөйлемейді, өзіне айтылған сөзді түсінбейді.
2025 жылғы желтоқсанда бала түзету балабақшасына қабылданған. 18 мамырда, яғни дүйсенбіде анасы баланың арқасында бірнеше көгерген із бар екенін байқаған. Анасының сөзіне қарағанда, бұл шымшу немесе саусақпен қысудан пайда болған ізге ұқсайды. Кейін баланың жиі жылап, ұйқысы бұзыла бастаған. Гауһар Ахмәдиева балабақша қызметкерлері балаға қол көтереді деп күдіктеніп отыр. Рентген нәтижесі бойынша, баланың сүйектері аман.
Балабақша әкімшілігі бұл жағдайды жалған деп санайды. Балабақша тәрбиешілерінің айтуына қарағанда, жұма күні бала үйіне аман-сау, денесі көгермей қайтқан. Түзету орталығының директоры Ұлболсын Юлдашева тәрбиеші қызметкерлер балаларға қол көтермейтінін айтты. Қазір Маңғыстау облысының полиция департаменті іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстандағы 12 мыңнан астам балабақшаның жартысынан көбі жекеменшік мекеме.
