Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Елімізде жаңа саяси партия тіркелді

Фото: gov.kz

Не болды?

Қазақстанда ресми түрде жаңа саяси партия тіркелді. 1 маусым күні «Әділет» партиясы мемлекет тіркеуінен өтіп, елдегі саяси ұйым қатарына қосылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың мәліметінше, жаңа партия мемлекеттің саяси реформаларын қолдайды. Сонымен қатар саяси бәсекені арттыруды мақсат етеді. Төраға партияның тіркелуін Қазақстандағы саяси жаңғырудың нәтижесі мен елдегі демократиялық өзгерістің көрінісі деп бағалады.

Партия жетекшісінің сөзіне қарағанда, ұйым құрамында түрлі сала өкілі, соның ішінде еңбек адамы, қоғам белсенділері, ғалымдар, кәсіпкерлер мен жастар бар.

Контекст

Естеріңізге салайық, «Әділет» партиясын құру бастамасы биыл сәуір айында жарияланды. Ұйым өзін Әділетті Қазақстанды қолдайтын саяси күш ретінде таныстырды. Мамыр айында партияның құрылтай съезі өтті.