Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамзаны елге қашан жеткізеді?

Фото: Instagram/qais_arr

Не болды?

Қазақстанның бас прокуратурасы іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамзаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Прокуратураның «ҚазАқпарат» сауалына берген жауабы бойынша, Қайсар Қамзаны іздеу жалғасып жатыр. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған күдіктіні экстрадициялау туралы Қазақстан тарапы Вьетнамға сұрау жолдаған. Дегенмен Вьетнамдағы құзырлы орган сұрау бойынша әлі шешім қабылдамады.

2017 жылғы 15 маусымда Қазақстан республикасы мен Вьетнам социалистік республикасы экстрадиция туралы келісім жасаған. Келісімде мұндай сұрауды қараудың нақты мерзімі жоқ, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, сәуірде ішкі істер министрлігі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамзаны ұстаған еді.