Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

5 маусымда Михаил Шайдоров АҚШ-қа барады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Не болды?

5 маусымда мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров АҚШ-қа дайындыққа барады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың ресми мәлімдемесіне қарағанда, Михаил Шайдоров жаңа келісімшартқа қол қойды. 5 маусымда Михаил Шайдоров жаңа маусымға дайындық үшін АҚШ-қа барады. Жақында Михаил Шайдоров пен туризм және спорт министрлігінің өкілдері кездесіп, келесі Олимпиадаға дайындық пен жоспарын талқылайды.

Келісімшартқа қол қою рәсімі заңнама талабына сәйкес өтті. Екі тарап ортақ мәмілеге келіп, келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылады. Келісімшартта көрсетілген барлық қаржы толық төленеді, — деді туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Контекст

Естеріңізге салайық, бұған дейін Михаил Шайдоров жаңа келісімшартқа неге қол қоймағанын түсіндірген еді.