Не болды?
Қазақстан азаматтарының 17 млрд теңге айыппұлы кешіріледі. Бұл туралы Baribar.kz хабаралап отыр.
Мәлімет
Рolisia.kz мәліметіне қарағанда, әкімшілік амнистия аясында 17 миллиард теңгеден астам 1 миллион әкімшілік айыппұлды кешіріледі. Мәжіліс депутаттары жеке санаттағы құқық бұзушылықтар бойынша амнистия туралы заң жобасын әзірледі. Амнистияда алғаш рет қылмыстық та, әкімшілік те құқық бұзушылықтар бар.
15 мың адамға қылмыстық амнистия берілуі мүмкін
Қылмыстық теріс қылық пен онша ауыр емес қылмыс жасаған адамдар мен ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталып, залал келтірмеген немесе шығынды толық өтеген адамдарға қылмыстық амнистия беріледі. Биыл 15 мыңнан астам адам қылмыстық амнистияға ілігуі мүмкін.
263 бап бойынша әкімшілік құқық бұзу әрекеті кешіріледі
Әкімшілік амнистия 15 мемлекеттік органның құзыретіндегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 263 бабын қамтиды. 2026 жылғы 17 наурыз сағат 24:00-ге дейін құқық бұзу әрекетін жасаған азаматтар, жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындардың (нотариус, адвокат, жеке сот орындаушы) әкімшілік айыппұлы кешіріледі.
Контекст
Естеріңізге салайық, былтыр президент 15 мыңнан астам адамға амнистия жариялап, оның 2000-ы бостандыққа шыққан еді.
