Басты бет / Жаңалықтар /
базар, азық-түлік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұрынғы «Рахат» базарының орнына демалыс орны салынады

Не болды?

Бұрынғы «Рахат» базарының орнына демалыс орны салынады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Алматы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Жетісу ауданында бұрынғы «Рахат» базары орналасқан аумақта құрылыс жұмысы басталды. Жұрт арасында «Барахолка» деп аталатын бұл базар ресми құжатсыз жұмыс істеген. Сот шешімі заңды күшіне енген соң кәсіпкерлер аумақты босатады. Қазір 150-ден астам кәсіпкер көрші базарға көшті.

Жоба аясында базарға келушілер мен аудан тұрғындарына арналған жайлы демалыс орны салынады. Сонымен қатар аумақтың бір бөлігінде автотұрақ болады, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыдағы «Сарыарқа» мен «Алматы-1» базарлары жаңарып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram