Не болды?
Украинаның Одесса қаласындағы алаяқтарға 120 адам алданған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Polisia.kz мәліметі бойынша, Украинаның тоғыз азаматы алаяқтық арқылы 120 адамды алдаған. Жалпы шығын — 85 миллион теңге. Қазақстан мен Украинаның бас прокуратурасы бірлесіп, Одесса қаласындағы халықаралық call-орталықтың қызметін тоқтатты. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторында отыр.
Алаяқтар өздерін байланыс операторы, банк қызметкері мен құқық қорғау органдарының өкілі ретінде таныстырған. Кейін азаматтарды смартфонға қауіпті қолданба орнатуға көндірген. Қылмыскерлер смартфондағы мәлімеке алыстан қол жеткізіп, жәбірленушінің қаражаты мен жеке дерегін ұрлаған, — деді ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Тергеп-тексеру кезінде:
- екі қымбат автокөлік;
- 26 компьютер;
- 49 мобильді құрылғы;
- психологияға ықпал ету бойынша нұсқаулық пен сценарийлер;
- Қазақстан Республикасының рәміздері тәркіленді.
Контекст
Естеріңізге салайық, алаяқтар «жол полициясы» атынан жалған айыппұл туралы SMS таратқан.
