Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жалған айыппұл: алаяқтар «жол полициясы» атынан SMS таратып жатыр

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Қазақстанда тұрғындардың ұялы телефондарына «ҚР жол полициясы департаменті» атынан әкімшілік айыппұл туралы жалған SMS-хабарламалар жиі жіберіліп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мұндай хабарламаларды интернет-алаяқтар таратып, азаматтардың жеке деректері мен ақша қаражатын иемденуді көздейді.

Хабарламаларда көбіне белгісіз интернет-сілтемелер көрсетіліп, пайдаланушыларды сол арқылы жалған сайттарға өтуге итермелейді. Тәртіп сақшылары мұндай сілтемелер арқылы алаяқтар азаматтардың жеке мәліметтері мен банк карталарының деректерін қолға түсіруі мүмкін екенін ескертті.

Осыған байланысты азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бөгде сайттарға жеке деректер мен банк карталарының мәліметтерін енгізбеуге шақырамыз, – делінген хабарламада.

Полиция әкімшілік айыппұлдарды тек ресми сервистер арқылы тексеруге кеңес берді. Атап айтқанда:

  • Qamqor сервисі
  • eGov порталы
  • екінші деңгейлі банктердің мобайл қолданбалары.

Полиция тұрғындарды қырағылық танытып, интернет-алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.