Не болды?
81 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаев «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Туризм және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, Оңтүстік Африка республикасының Кейптаун қаласында өткен халықаралық марафонға қатысып, үздік ондыққа енген 81 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаев «Еңбек ардагері» төсбелгісін алды.
Салтанат Түйтебаев — Жамбыл облысының тумасы, 45 жылдық еңбек жолын білім беру саласына арнап, халықаралық аренада Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген ардагер. 2016 жылы Аустралияның Перт қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленіп, 2017 жылы Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өткен ардагерлер олимпиадасында чемпион болған. Сонымен қатар 2021 жылы Нию-Йорк марафонында 75+ жас санатында екінші орын алған.
Контекст
Естеріңізге салайық, Парижге жаяу барған ата «Құрметті спорт қызметкері» атағын алған еді.
