Не болды?
Ақтөбе облысында 1-класс оқушысы жанармай ішіп, уланғанып қалған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
«Диапазон» басылымының мәліметі бойынша, Ақтөбе облысында 1-класс оқушысы мектепте байқамай жанармай ішіп, уланғанып қалған. Ол мектеп жертөлесіне түсіп, белгісіз бір сұйықтық құйылған құтыны тауып алып, оны ішіп көрген. Мұғалім оқушыдан жанармайдың иісі шығып тұрғанын сезіп, сұрақ қоя бастаған соң ол болған жайтты айтып берген. Оқушы сабақ аяқталғанша мектепте болып, үйіне жеткеннен кейін құса бастаған. Анасы баланы ауруханаға апарып, дәрігерлер асқазанын тазартты. Қазір оқушының жағдайы жақсы.
Контекст
Естеріңізге салайық, Ақмола облысы Қосшы қаласында бір отбасының төрт мүшесі ысқа уланып, ауруханаға жеткізілген еді.
